1. Берілген мәтіндерді мұқият оқы. Мәтіндердің тақырыбын анықта 1-мәтін
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы 1934 жылы университет ашылысымен жұмыс істей бастады.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – студенттер мен магистранттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық болып табылады. Ғылыми кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен 16-19 ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылымдар жинақталған.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне әрі ҚР бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі болып табылады. Кітап қорында 2 млн. астам басылымдар сақталған. Жыл сайын 50-60 мың данадан астам басылымдармен толықтырылады. Оқырмандар саны 20 мыңнан асады.
2-мәтін
Кітапханада
Оқырман: - Амансыз ба! Мен кітапханаға жазылайын деп едім.
Кітапханашы: - Қайырлы күн! Келіңіз, жазылыңыз. Ол үшін төлқұжатыңыз және оқырман билеті үшін суретіңіз керек.
Оқырман: - Міне, менің суретім мен төлқұжатым.
Кітапханашы: - Өте жақсы. Сіз қандай кітап іздеп жүрсіз?
Оқырман: - Мен Абайдың өлеңдерін іздеп жүрмін.
Кітапханашы: - Абайдың өлеңдер жинағы бар.
Оқырман: - Қанша мерзімге беріледі?
Кітапханашы: - Біздің кітапханада кітаптар үш аптаға беріледі.
Оқырман: - Оқу залы қайда екенін айтыңызшы.
Кітапханашы: - Оқу залы екінші қабатта.
Оқырман: - Сіздерде қазақ жазушыларының шығармалары көп пе?
Кітапханашы: - Иә, өте көп.
Оқырман: - Сіздер қай уақытта жұмыс істейсіздер?
Кітапханашы: - Сағат тоғыздан алтыға дейін жұмыс істейміз.

Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстыр

avramenkoviola avramenkoviola    2   17.05.2021 12:02    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi