1. Баласын күткен қарттардың өзара тәжікелесуінен нені ұқтыңдар? 2. Кемпірдің баласының қолына барып тұрғысы келуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
3. Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
4. Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?
5. Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы,киім киісі туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғардыңдар?
6. Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
7. Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
8. Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?