1.Біз ЭКСПО көрмесін өткізуге бүкіл ТМД кеңістігінің, бүкіл түркі дүниесінің, бүкіл мұсылман әлемінің арасынан бірінші болып қол жеткіздік 2.1851 жылы Лондонда көрмені барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізуді шешкен соң, сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды.
3.Әлем елдері күн, желден баламалы энергия көздерін алуға көшпесе, қауіпсіздік жағынан талапқа сай келетін әрі арзан энергия көздерін пайдалана алмайды.
4.Электр қуатын алудың жолы сан түрлі болса да, оны өндіру өзекті мәселе болып отыр.
А) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Ә) шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Б) жай сөйлем
В) мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем