1.Б.Соқпақбаев кім , қандай шығармаларын білесің ?​

voloseikotatian voloseikotatian    1   14.03.2021 10:24    0

Ответы
dvladimirov425 dvladimirov425  14.03.2021 10:30

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысысы.

"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы

"Он алты жасар чемпион" (1951)

"Бақыт жолы" (1952)

"Алыстағы ауылда" (1953)

"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).

"Дала жұлдызы" (1960)

"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)

"Гауһар" (1966) повестерін жазды.

"Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.

"Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)

"Әпенденің айласы" (1960)

"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.

Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).[

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi