1-бөлім «Қыз-Жібек» жырының тақырыбын анықтаңыз.
А) әділдік

В) даналық

С) махаббат

Д) ел бірлігі

2. Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?

Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай.

Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай.

А) Қазтуған

В) Есім хан

С) Жиембет

Д) Күлтегін

3.Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан?

- Әуелеп ұшқан алты қаз...

...Алдыңнан шығып Сансызбай, «Көкешім менің Төлеген, Көрдің бе?» десе, не дейсің? Сауытының көзі сетіліп, Сынбай кетті дегейсің! Баратұғын жеріне, Жетпей кетті дегейсің!

А) сыңсу

В) жоқтау

С) естірту

Д) қоштасу

4. Берілген эпизодтағы Төлегеннің жолға шығу себебін анықтаңыз.

Базарбайдың Төлеген,

Ерте туған көбеген.

Сексен жігіт қосшы алып,

Он бес жігіт басшы алып,

Ақжайыққа жөнеген...

А) Жібекті алып келу

В) Жар іздеу, қыз таңдау

С) Бекежаннан кек алу

Д) Ел шетіндегі жауды қайтару

2-бөлім

5. Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).

6. Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебі неде? Айтқан сындарымен келісесіз бе? Ойыңызды 5-6 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

«Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған» - деген жолдардағы көркемдегіш тәсілді тауып, қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
3-бөлім

Қазтуған жыраудың өлеңін «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалмен байланыстырып эссе жазыңыз. Жырдан дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз (110-130с

aisha834 aisha834    2   02.11.2020 10:14    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi