1-бөлім 1.Е.Жүністің «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңінің идеясын анықта.
А) тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру
В) ашаршылық, көтерілістер
С) ана тілінің тағдыры
Д) әлеуметтік мәселе
[1]

2. «Менің Дағыстаным» шығармасында көтерілген басты мәселе қандай?
А) туған жерден кету
В) көп тіл білу
С) ана сүтімен берілген тілді ұмыту
Д) бауырға деген сағыныш
[1]

3.«Прописка» шығармасындағы басты кейіпкер неліктен пропискаға тұра алмады?
А) ауыр қылмыс жасады
В) қалада ауыл адамдарын қабылдамағандықтан
С) желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін қоғамнан шеттетілді
Д) кейіпкердің қалауы бойынша
[1]

4. «Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ...»- осы өлең жолдарында автор қандай мәселені алға тартып отыр?
А) тіл тарихы туралы
В) өзге тілді меңгеру қажеттігі
С) шет тілдерінің басымдылығы
Д) ана тілінің жойылып бара жатқаны
[1]

5. «Ана тілім» өлеңінің негізгі идеясы қандай?
А) Өнер алды – қызыл тіл.
В) Тіл – қарым-қатынас құралы.
С) Тіл жойылса, ел де жойылады.
Д) Бірнеше тіл білу- ел болашағы.
[1]

2-бөлім
6. «Ол – менің асқақ аңызым»...- деген өлең жолдарынан не түсіндіңіз? Өз ойыңызды жазыңыз. (2-3 сөйлем)

[2]

7. «Прописка» шығармасындағы негізгі кейіпкер желтоқсан оқиғасына қатысқанына өкіне ме? Қалай ойлайсыз? Шығармадан дәлел келтіріңіз. (2-3 сөйлем)


[2]

8. «Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ»-деген жолдарға қатысты өз ойыңызды жазыңыз. (2-3 сөйлем)


[2]

9.«Менің Дағыстаным» шығармасындағы ана неліктен баласын «өлдіге» санады?
(2-3 сөйлем)

[2]

10.Тәуелсіздік сөзінің мағынасын ашып жазыңыз. (3-4 сөйлем)


[2]

3-бөлім
11.«Әр ұлт өзінің ана тілінде ғана бақытты» тақырыбында эссе жазыңыз. Оқылған шығармалардан дәлел келтіріңіз.Сөз саны – 60 сөз.

[5]

DarKerThanBlaCK34 DarKerThanBlaCK34    2   20.05.2021 13:37    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi