1-БӨЛІМ 1. А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі қандай мәселені көтереді?
А) Отбасы
В) Махаббат
С) Туған жер
D) Достық
[1]
2. «...Тізгінді күшпен тартып, торыны әзер тоқтатып, артына бұрылғанда тұла бойы түршігіп, шошып кетті. Қараса, сайды құлдилай жалт-жұлт етіп бір от келе жатыр екен. Үлкендігі аттың басындай. Балқыған қызғылт сары. Жер бетінен бір метрдей биіктікте ешбір сүйеусіз , ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді. Жол жөнекей ұшқын қшып түсіп жатыр. Бұл недеген керемет!» үзінді жанрына тән сипаттаманы көрсет:
А) кескіндеме
В) ғылыми фантастика
С) қиял-ғажайып ертегі
D) философиялық-әлеуметтік әңгіме
[1]
3. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңінің жазылу тарихына тән жауапты көрсет:
А) 1991 жылдың 16 желтоқсанында Еліміздің Тәуелсіздік алуы
В) Қазақ жұртының санын көбейту шаралары күшейтілді
С) 1992 жылдың 29 қыркүйегінде Алматыда Дүниежүзі қазақстарының тұңғыш құрылтайының өтуі
D) Н.Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында дүниежүзі қазақтарын атамекенге жинау туралы идеясын ұсынуы