1 Қазақтың ұлы ханы Абылайдың арғы тегі Жошы хан,
бергі бабалары Әз Жәнібек, одан соң Есім хан, Салқам Жан-
гір хан. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, інісі
Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы
атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы
Абылай жекпе-жекке шыққанда жау шақ келтірмейтін
батыр болып, «Қанішер Абылай» атаныпты. Осы Абылайдан
Көркем Уәли, одан Әбілмансұр туады.
Әбілмансұр «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім
қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Жаман тымақ, жал-
быр шапанына, өсіп кеткен шашына қарап, Төле би оған
«Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет
сұлтанның жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың
айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Бұқар, Үмбетей жыраулардың мәліметтеріне қарағанда,
қазақтың ұлы ханы 20 жасында қан майданда ерлігімен
танылған. 1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста
жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың
батыры Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақы
рып, жауға «Абылайлап» ат қойған Әбілмансұр ұрыстан соң
«Орта жүздің сұлтаны» деп танылып, қазақ даласындағы ең
беделді әміршілердің біріне айналды. Әбілмансұр есімі ұмы
тылып, Абылай атанды.
Әбілмәмбет хан өлген соң, Абылай таққа отырып, қазақ
тың ханы атанады,
(«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан)
4
бойт гнпағы