1. Қайсы қатар синоним сөздерден тұрады? а) ел, мемлекет, халық;
ә) Жер шары, дүниежүзі, мекен;
б) өмір, ғұмыр, дүние;
в) оқулық, кітап, сабақ.
2. Берілген сөздерге антонимдер жазыңдар.
қысқа –
аласа –
ақылды –
жомарт –
3. Синоним сөздерді пайдаланып, әрқайсысымен сөйлем құраңдар.
Селдір, сирек;
қыруар, көп;
шапшаң, тез.
4. Фразеологизмдердің мағынасын жазыңдар.
Қас пен көздің арасында –
Төбе шашы тік тұрды –
5. Көп нұктенің орнына тиісті сөзді тауып жазыңдар.
Ел, Отан деген түсініктер бір – бірінен ... ұғымдар.
а) бөлінген;
ә) бөлінбейтін;
б) бөлінбек;
в) бөлінгіш.
6. Мағынасы жағынан сәйкес келетін сөйлемді көрсетіңдер.
Дүниежүзі елдері жер көлемі жағынан да, халқының саны жағынан да әртүрлі.
а) Дүниежүзінде мәдениеті әртүрлі, халқының саны әрқалай елдер көп.
ә) Әлемдегі мемлекеттердің жер аумағы мен халқының саны әртүрлі.
б) Қазіргі уақытта дүниежүзінде дамыған мемлекеттер көп.
7.Көп нұктенің орнына қажетті әріпті қойып жазыңдар.
Ыст...қ, құб ...лыс, мей ...рім, мәм ...ле, ки ...мі, топ ...рақ, төн ...рек, шұғ ...ла, үк ... мет, ық ...лас.