1. Қай сөйлем аннотация жанрына тән?
А. Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған
В. Мемлекеттік тілде сөйлеу барша қазақстандықтардың міндеті
С. Бүгін Халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады
Д. Өз құқыңды білуің және қорғау алуың керек, ал өзгенің құқығымен санасуға тиіссің.
2. Рефератталатын құжаттардың саны бойынша реферат қандай түрге бөлінеді?
А. монографиялық, тезистік
В. индикативті, хабарлама
С. хабарлама, шолу
Д. монографиялық, шолу
3. Ғылыми стиль жанрының қолданылатын орнын белгілеңдер
А. аударма жұмыстарында
В. кеңсе құжаттарын толтыруда
С. аннотация жазуда
Д. драмалық шығармалар жазуда
4. «Оқу құралының тілі жеңіл. Оқу құралында коммуникативтік, танымдық, тәрбиелік мақсаттармен қатар оқу, сөйлеу, жазу біліктіліктері ескерілген». Сөйлем қай ғылыми стиль жанрына жатады?
А. рецензия
В. мәтін
С. тезис
Д. Жоспар
5. Реферат мазмұнына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
А. хабарлама, индикативті
В. монографиялық, шолу
С. хабарлама, шолу
Д. индикативті, шолу
6. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қойыңдар. Өз шешіміңізді...сұраймын.
А. хабарласуыңызды
В. хабардар етуіңізді
С. хабарласыңыз
Д. хабарлассын
7. «Актуальная проблема» тіркесі үшін қай баламаны таңдайсыз?
А. әлеуметтік мәселе
В. күрделі мәселе
С. маңызды мәселе
Д. өзекті мәселе
8. Кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғау барысында жазылатын рефераттың түрі.
А. автореферат
В. тезистік реферат
С. жоспар
Д. Аннотация
9. Мәтіннің анықтамасын көрсетіңіз
А. Белгілі бір шығарманың тұтас мазмұны.
В. Белгілі бір шығармаға берілген баға.
С. Белгілі бір шығарманың мазмұнына берілген атау.
Д. Белгілі бір шығарма туралы жазылған пікір
10. Ғылымның дамуымен бірге пайда болатын жаңа ұғымдар мен атаулар не деп аталады?
А. фразеологизмдер
В. архаизмдер
С. неологизмдер
Д. Диалектизмдер