1 Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
а) ауызша
ә) оңаша
б) мәжілістер
в) алғашқы
2
«Ит өлген жерде» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы?
а) жақын
ә) маңында
б) алыс
в) осында
3
Оңтүстік Қазақстан энергетика және бизнес колледжі мен Шымкент
политехникалық колледжі біріктіріліп, жаңа құрылған Оңтүстік Қазақстан
политехникалық колледжі болып қай жылы аталды?
а)1997 ж.
ә) 1971 ж.
б) 1993 ж.
в) 1972 ж.
4
Тәуелдік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз.
а) қаладан, ауылдан, әскерден
ә) театрға, оқуға, жиналысқа
б) көлікпен, сұрақтармен, сөзбен
в) әжесі, қағазым, ойларыңыз
5
Сілтеу есімдігін табыңыз.
а) қашан, қайдан, қалайша
ә) осы, мынау, анау
б) терең, саяз, биік
в) әрең, зорға, әдейі
6
Одағай сөздер қайсы?
а) оһо, әттең, япыр-ай, тәйт
ә) жалт, өңкей, қайт, көш
б) жел, бу, ашу, қиял
в) тез, ашу, қайтар, жасар
7
Термин сөздерді көрсетіңіз.
а) мақта, шиіт, терімші, балдаң
ә) бәтеңке, тәрелке, сөмке, жәшік
б) күкірт, шақпақ, сым, жуа
в) квадрат, куб, коэффициент, ромб
8
Тұйық етістік қалай жасалады?
а) түбір + жалғау
ә) түбір + қосымша
б)түбір + у
в) түбір + жұрнақ
9
Көсемше сөзді табыңыз.
а) барады
ә) барған
б) барма
в) барды
10
Абылай хан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қанша жасынан
қатыса бастады?
а) 21 жасынан
ә) 13 жасынан
б) 15 жасынан
в) 18 жасынан
11
Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады?
а) «Билік кесім»
ә) «Жеті жарғы»
б) «Ескі жол»
в) «Қасқа жол»
12
Қос сөз деген не?
а) Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөздер.
ә) Екі сыңары мағынасыз сөздер.
б) Мағыналары қарама-қарсы сөздер.
в) Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз.
13
Сөйлемнен жатыс септігінде тұрған сөздерді көрсетіңіз.
Ұлттық ойындар үлкен тойларда, мерекелерде ойналатын болған.
а) тойларда, мерекелерде
ә) ұлттық, ойындар
б) ойналатын
в) үлкен, ойындар
14
Мекен үстеуі бар сөйлемді табыңыз.
а) Самат амалсыздан көнді.
ә) Ол қасақана істеген болып шықты.
б) Түркістан қаласында Қ.А.Иассауи кесенесі орналасқан.
в) Құжатты қолма-қол тапсырды.
15
Сабақты етістікті табыңыз.
а) үймен хабарлас
ә) Түркістанды арала
б) үйде отыр
в) үйден шық
16
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Әбу Насыр Әл-Фараби ... ... дүниеге келді.
а) Сайрам маңында
ә) Түркістан қаласында
б) Отырар маңында
в) Ташкент түбінде
17
Сөйлемнен сын есімнің күшейтпелі шырайын анықтаңыз.
Қазақстанда көк аспанмен таласқан әсем таулар, тап-таза бұлақтар мен
өзендер, ну ормандар бар.
а) ну
ә) әсем
б) көк
в) тап-таза
18
Туынды сын есімдітабыңыз.
а) жасыл,терең
ә) көшпелі, кешегі
б) ақ, сары
в) жұқа, нашар
19
Жеті ұрпаққа кімдер жатады?
а) ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене
ә) бала, әке, ата, үлкен ата, баба, түп ата, тек ата
б) ағасы, інісі, әпкесі, сіңілісі
в) жиендер, бөлелер, балдыздар
20
Синоним сөздерін табыңыз.
а) Қаратау, қара түсті, бері қара
ә) алыс-жақын, ащы-тұщы
б) әдемі, сұлу, сымбатты
в) ата-ана, бала-шаға, ағайын-туыс