1.Андронов мәдениетінің табылған жері 2. Андронов тайпаларының негізгі кәсібі қандай?
3. Андронов тайпаларының баспаналары қандай болды? 4. Андронов тайпалары қайтыс болған адамды қалай жерлеген?

moon551 moon551    1   16.10.2020 13:48    1

Ответы
жанат17 жанат17  15.11.2020 13:49

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi