1. Ақтамберді жырларының мазмұнымен хрестоматия мате риалдарынан , « Бабалар сөзі » топтамасынан танысыңдар . 2. Толғауды тақырыбы мен өзекті ойына қарай талдаңдар .
3. Ақтамберді жырау шығармашылығы , « Күлдір - күлдір кісінетіп » толғауының мазмұны бойынша оңай және қи ын сұрақтар кестесін құрастырыңдар . Кестенің сол жа ғына өз түсініктерің бойынша оңай , ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіріңдер . Оңай сұрақтар дегеніміз - мә тінде жауабы бар сауалдар ; ал қиын сұрақтар - жауабы мәтінде жоқ , өзіндік тұрғыдан жауап беруге бағытталған сауалдар . Оңай сұрақтар Қиын сұрақтар
4. Ақтамберді жырау бейнесі туралы үзіндіні толық тырыңдар . Жапанға біткен терекпін , Еңсемнен жел соқса да теңселмен . Қарағайға қарсы біткен бұтақпын , Балталасаң да айырылман . Сыртым - құрыш , жүзім - болат , Тасқа да салсаң майырылман .
5. Жырау шығармашылығындағы елдік рух пен ерлік дәс түрлері туралы айтып беріңдер .
6. Толғаудың көркемдік ерекшеліктеріне тоқталыңдар . Теңеу мен эпитеттерді теріп жазыңдар . пара
7. Толғаудың ұлттық мақтанышқа , ел намысы , халық ар манына толы жарқын тұстарын қарастырыңдар .