1. «Ақсу Жабағылы» қорығы деген мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. 2. Берілген ақпаратта қандай мәселе көтерілген?

3. «Ақсу Жабағылы» қорығы қай жылы құрылған?

4. «Ақсу Жабағылы» қорығының жануарларын атаңыз?

5. Қорықтың символын атаңыз.

stoun2018 stoun2018    1   20.12.2020 11:59    6

Ответы
Лиля4032 Лиля4032  19.01.2021 11:59

Мәтіннің өзі(текст)

«Ақсу Жабағылы» қорығы

    Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.Ол 1926 ж. құрылған.  

   Ақсу-Жабағалы қорығы алуан түрлі  өсімдіктер мен жануарлар, құстарға бай. Мұнда жеміс-жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақ алғаш Ақсу-Жабағалыда өсірілген.  

  Қорықтың таулы бөлігі –  мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір,  мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады.

Қорық аң-құсқа бай. Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық,  суырлар мен құндыздар т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарытоғай, шымшық т.б. құстар өте көп; сарыбауыр кесіретке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше. Онда шөлейттер де,  жазықтар да, аршалы ну ормандар да бар. Біз осындай қорықтарымызды  қорғауымыз керек. Табиғатты қорғау –  біздің борышымыз!

1» Грейг қызғалдағы, Қорық, Мұздықтар

2»  

3» 1926 ж.

4» Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық,  суырлар мен құндыздар т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарытоғай, шымшық т.б. құстар өте көп; сарыбауыр кесіретке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше.

5» Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi