1 3. Оқылым және тыңдалым мәтіндерінен 5-6 сөйлем жазып, сөйлем
мүшелерін қызметіне, құрамына қарай талдаңдар.
1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ-ның Қор-
шаған орта жөніндегі конференциясында биоалуантүрлі-
лікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім қабылданды.
1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазак-
стан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы
мемлекеттер мынадай баптарды орындауға міндет алды:
әрбір мемлекет өзге мемлекеттер мен өңірлердің таби-
ғатына зиян келтірмеуді қамтамасыз етуге жауапты;
биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайда-
лану мақсатында бірігіп іс-әрекет жасайды;
биоалуантүрлілікті анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді
пайдалану шараларын іске асыру мақсатында ғылыми-
зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.