1 1. Киімге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз, сын есімді табыңыз.
1. Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
2. Ескі киімді баптағаның
Жаңа киімді сақтағаның.
3. Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.
4.Ескі киім-жаңа киімнің қорғаушысы.
2. «Жастардың киімі қандай болу керек?» деген сауалға өз пікірінді айтыңыз.
3. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.
1. Жолға шыққанда киетін киім ..., ..., ... болуға тиіс.
2. Желді жерде жұмыс істегенде киім ... тігілуі тиіс.
3. Ер кісі саяхатқа ... шыға береді.
4. Аяқкиім ... болу керек.
5. Суық кезде ... , күртеше киген дұрыс.
Керекті сөздер: пальто, ыңғайлы, арнаулы костюмімен, қолайлы,қарапайым, жинақы, қалың матадан.
4. Сын есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.
Үлкен, биік, қолайлы, жақсы, ұзын, қысқа, қымбат, арзан.