08.12.2020 ж . Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Nomad City Hall залында ұлы ақын , ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай « Абай тағылымы - Тәуелсіздіктің тірегі » – атты республикалық ақындар айтысы өткізілді . Айтыс жүргізушісі : Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері , Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы - термешілер халықаралық одағының төрағасы – Жүрсін Ерманов . Бұл айтыс , тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп отыр . Биылғы дүбірлі доданың әділқазы алқасына көрнекті өнер қайраткері , Қазақстан және КСРО Халық артисі , « Отан » , « Құрмет » орденінің иегері – Асанәлі Әшімов төрағалық етті . Айтыстың мақсаты – киелі мұраны насихаттап , талантты жастарымыздың шеберлігін шыңдауға ықпал ету .​


08.12.2020 ж . Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Nomad City

Dav134 Dav134    3   23.04.2021 08:25    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi