0 Личный кабинет

Online Mektep

Төс қағысып дос болған екі батыр

Оқиға қай кезде болғандығын көрсет.

Ертеде жаугершілік заманда қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болыпты. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Олардың мал-мүліктерін тиеп, қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Екі достың біреуі жау қолына түседі. Оны естіген досы күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Келген соң ол: «Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім, менің оған айырбасқа берер малым да мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін: ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар! Ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім»,-дейді.

Қолбасы оны сынамақ болып: – Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын, маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады-дейді.

– Ол не?-дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

– Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын,-дейді қолбасы.

– Олай болса, көзімді тезірек ал да, досымды босат,-дейді.

Жігіт бұл сыннан да сүрінбей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»,-деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

«Ел аузынан»

Ертеде шапқыншылық кезінде, күзде

Ел басына қиындық туған кезде, суықта

Өткен ғасырда, суық күндерде

Досын тұтқындаған кезде, жазда

av45 av45    2   17.11.2020 06:28    2

Ответы
тдтщ тдтщ  17.12.2020 06:30

Ертеде шапқыншылық кезінде, күзде

Объяснение: Скрин


0 Личный кабинетOnline MektepТөс қағысып дос болған екі батырОқиға қай кезде болғандығын көрсет.Ерте
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi