Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.
Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаң сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаң сөйлем сөз таптарының қатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді.
Жайылма сөйлем — жалаң сөйлемнің құрамындағы бастауышты не баяндауышты, не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшелердің біреуі немесе бірнешеуі енгізілу арқылы жасалған жай сөйлемнің түрі. Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше жолдары бар. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің төңірегіне топталады.