Қызыл Армияның әрекеттер ответ кереккк​

Катенька231 Катенька231    1   23.11.2020 08:29    1

Ответы
Nurik1990 Nurik1990  23.11.2020 08:30

ответ:1918 ж. 18 каңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин "Жұмысшы-Шаруа Кызыл Армиясын құру туралы" декретке қол қойды. Алғашқы кезде Қызыл Ар-мия еріктілерден құрылды, өйткені Кеңес өкіметінің армияны жергілікті жерде есепке алып, ұйымдастырып, оны қару-жа-рақпен қамтамасыз етіп отыратын әскери аппараты болмады.

1918 ж. көктемінде Антанта елдері Кеңестік Ресейге қар-сы ашық интервенция бастады. Англия, Франция, АҚШ, Жа-пония, Италия әскерлері кеңестік солтүстік пен Қиыр Шы-ғысқа басып кірді. Май айында Антанта Кеңес өкіметі босат-қан соғыс тұтқындарынан құрылған ^ехословак корпусының контрреволюциялық бұлігін ұйымдастырды.

Корпусқа орыстың көптеген ақ гвардияшылары қосылды. Бұл бұлік Волгадан Владивостокқа дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыды. Бұлікшілер қарусыз халыққа ойран салып, Самара-ны, Қазанды, Симбирскіні, Новосибирскіні, Петропавлды, Омбыны, Семейді, Қостанайды, Уфаны басып алды. Бұл жағ-дай ішкі контрреволюцияшыл күштерді жандандырды. Волга-да, Оралда, Сібірде кулактардың бұліктері шықты.

Антантаның көмегіне сүйёніп, адмирал Колчак пен гене-рал Толстов қылмысты әрекеттерін өрістетті. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың әскерлері Орынборды басып алып, Қазақ-стан мен Түрікстанның кеңес аудандарын елдің орталығынан уақытша бөліп тастады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История