Ыпшақтардың қазақ тарихындағы орны туралы айтыңдар. ​

hrndo hrndo    1   23.12.2019 16:00    2

Ответы
svetacok svetacok  23.12.2019 20:03

энциклопедиялық деректе «қыпшақ даласы – днепрден шығысқа қарай жетісу өлкесіне дейінгі ұлан ғайыр кеңістік, бұл далада түрік тектес – көшпелі қыпшақтар мекендеген. орыс жылнамаларында қыпшақтарды «далалықтар» (половцы), батыста оларды «кумандар» деп атады. венгрияда «ұлы кумания», «кіші кумания» атты облыстар бар» делінеді.

алайда, қыпшақтардың шығу тегі жөнінде бүгінгі тарих ғылымында көкейге қонатындай етіп түбегейлі тиянақталған бірде бір тұжырым жоқ. мысалы:

1. «оғыз ханның бір бегі соғысқа әйелін алып барып еді. өзі ұрыста өліп, қатыны қашып

құтылып, екі судың арасында тұрған ханның артынан жетті. әйел жүкті еді. толғағы келді. күн суық еді, кірейін десе үй жоқ, іші шіріген бір үлкен ағаштың қуысына босанды, ұл тапты. мұны естіген хан: «әкесі менің көз алдымда соғыста өлді, қамқоршысы жоқ» деп атын қыпшақ қойып, өз қамқорлығына алды. түркі тілінде іші қуыс ағашты қыпшақ дер еді, бұл ағаш ішінде туғандықтан, атын қыпшақ қоюы содан еді. бұл кезде іші қуыс ағашты шыпшақ дейді. қара халық тілі келмегендіктен к-нің орнына ш-айтып кеткен. бұл хан өз тәрбиесінде ұстады, жігіт болғаннан соң көп ел және нөкер беріп, оғыз ханға жау болған орыс, олақ, мажар, башқұр елдеріне жіберді. 300 жыл дон мен еділ атты екі үлкен өзеннің жағасында патшалық етті. барша қыпшақ елі соның нәсілінен шықты. оғыз ханның заманынан шыңғыс ханның заманына дейін дон, еділ, жайық аталатын бұл үш судың жағасында қыпшақтан өзге ел жоқ еді. ол жерде қыпшақтар төрт мың жылдай отырды, сондықтан ол жер дешті қыпшақ (қыпшақ даласы) деп аталды». ಠ‿ಠ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История