Құрылысшылар еңбегі жоғары бағаланды: ұжым Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Еңбек Қызыл Ту орденіне ие болғандар қатарында құрылыс бастығы B.C. Шатов, жұмысшылар Ж. Балғаев, А. Мәженов, Л. Лодкин, инженерлер Д.Т. Шермгорн, Д.Д. Бизюкин - барлығы 9 адам болды.[15].
Бірінші бесжылдықта, мұнымен қатар өнеркәсіптік мәні бар бірқатар тар табанды жолдар салынды, олар: Гурьев-Доссор-Мақат, Байқоныр-Қарсақбай-Жезқазған, Қосқұдық пен Ащысай тармақтары.
Екінші және үшінші бесжылдық кезеңінде, бірінші бесжылдыққа қарағанда көлік қатынасын дамытуға 2,7 есе көп қаржы салынып, одан кейінгі жылдарда теміржол қатынасы бұрынғыдан да жоғары қарқынмен дамыды. Көлік қатынасы мен байланыс саласына бөлінген күрделі қаржының үлесі республика халық шаруашылығына жұмсалған барлық күрделі қаржының 21,4%-ын құрады.[16]. Бұл жаңа теміржол құрылысын дамытуға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде Қарағанды, Балқаш, Жезқазған-Қарсақбай, Кенді Алтай және Ембі секілді Қазақстанның ірі өнеркәсіпті аудандары елдің жалпы жол қатынасы тораптарына қосылды. Бұл ретте жаңа жол желілерінің 3/5 бөлігінен көбірегі Орталық Қазақстанға тиесілі болды. 1931-1938 жылдары салынған (тоқтатылып қойылуына байланысты 1932-1934 жылдардағы үзіліспен қосқанда) Қарағанды-Балқаш теміржол желісі 1939 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұрақты пайдалануға берілді. Ол Балқаш мыс қорыту зауытын оның отын базасы - Қарағанды көмір алабымен байланыстырды. 1940 жылы 25 желтоқсанда Жарық - Жезқазған желісі іске қосылды. Жол Жезқазған комбинатының құрылысы мен өндірістік сұраныстарына қызмет етіп, оны Қарағанды көмір алабымен, сондай-ақ мыс пен марганец кені жеткізілетін Оралмен байланыстырды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Рубцовка-Риддер теміржол желісі де пайдалануға берілді, ол Алтай өнеркәсіп кешенін елдің басқа аймақтарымен байланыстыру арқылы, Шығыс Қазақстанның көлік қатынасы жағдайын, түсті металлургиясы мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін шешті. Республиканың мұнайлы аймағы Батыс Қазақстанның датеміржол торабы кеңейді. 1938 жылы күзде Орал-Илецк желісі тұрақты пайдалануға берілді, Гурьев - Қандыағаш желісі уақытша пайдаланылды, ал 1940 жылы Қандыағаш-Орск желісінің құрылысы басталды. Сонымен қатар республикада Шымкент-Ленгер, Талдықорған-Текелі, Түркістан-Ащысай және басқа да өндірістік теміржол желілері салынды.
Кеңес Одағының үшінші бесжылдықтағы маңызды теміржол құрылысының бірі Оңтүстік Сібір магистралі болатын, ол Оңтүстік Оралдың металлургиясын Кузнецк көмір алабымен қосуы тиіс болды. Магистральдің құрамдас болігі Ақмола-Қарғалы желісі еді. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің және Қазақстан К(б)П ОК-нін 1939 жылдың 5 мамырындағы «Ақмола-Қарғалы теміржол желісінін құрылысы туралы» қаулысында: «Бұл магистральдің саяси және шаруашылық маңызы бүкіл ел үшін, әсіресе Қазақстан үшін аса маңызды. Республиканың солтүстік шығыс бөлігінде бір жарым мың шақырым қашықтыққа созылатын жол Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының шалғай аудандарының жедел өркендеуіне жағдай жасайды, бұл аудандардың жаңа да аса зор көлемдегі ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік байлығын — астық, мал шаруашылығы өнімдерін, Максимов кен орны мен Екібастұздың көмірін, Бозшакөл мысын, Майқайыңның алтынын, Торғайдың сүрмесін, Сандықтаудың ағаш байлығын, тағы басқаларын кеңес халқының игілігіне айналдырады» делінді.
Бұл магистральдің Қарағанды көмір алабы үшін аса зор маңызы болғаның атап айту керек, оның дамуы көмір тасымалдауды түбірімен жақсартты. Петропавлдағы жүк тасымалы ағыны 1940 жылы 5,4 млн тоннаға жетті, алайда Қарағанды алабында қазылған көмір 10 млн тоннаға жеткен жағдайда (бұл ол кезде таяу жылдарда жүзеге асырылуы тиіс міндет болатын) Қарағанды, Ақмола-Петропавл желісі мұндай көлемдегі жүкті тасып үлгермеген болар еді. Екінші жол салу немесе ең төте жолмен жаңа Ақмола-Қарғалы желісін жүргізу Қарағанды алабын Оңтүстік Оралмен байланыстырып, әрі Омбы теміржолының жүгін азайтуы тиіс болатын.
Жаңа құрылысты жұмысшы күшімен қамтамасыз ету бойынша жан-жақты көмек көрсетілді: құрылыс трестерінен 2600 маман құрылысшы бөлінді; РКФСР-дің орталық облыстарынан 10 мың жұмысшы тартуға шешім қабылданды; 1939 жылдың бірінші жартысында жоғары оқу орындарын бітіргендердің қатарынан 110 жас маман құрылысқа жолдама алды; көптеген құрылыс техникалары бөлініп, онымен жұмыс істеу үшін жеткілікті мамандар жіберілді. Жаңа құрылысқа эшелон-эшелондаған құрылыс материалдары, жабдықтар, жанармай, құрастырмалы тұрғын үй бөлшектері, палаткалар, жұмысшыларға арналған киім мен тамақ тиеген тіркемелер ағылып жатты.