Томас Джефферсон (13.04.1743 жыл, Шэдуэлл, Виргиния, Британ империясы - 04.07.1826 жыл, Шарлотсвилль, Виргиния, АҚШ) - американдық ағартушы және мемлекеттік қайраткер, АҚШ Тәуелсіздігі Декларациясы жобасының авторы[1] , АҚШ-тың 3-президенті. Мамандығы - адвокат.[2]
1769-1774 жылдары Вирджиния заң шығару жиналысының депутаты болған.
1775 жылы Солтүстік Америка отарларының Ұлыбританиядан бөлініп шығуы туралы шешім қабылдаған Құрлықаралық конгресс мүшелігіне сайланған.
1779-1781 жылдары Вирджиния губернаторы,
1785-1789 жылдары АҚШ-тың Франциядағы елшісі,
1790-1793 жылдары Джордж Уошингтонның Ӏ-үкіметінде мемлекеттік хатшы,
1796 жылы вице-президент, 1800-1808 жылдары АҚШ президенті болды. Ол "Тәуелсіздік декларациясының" жобасын жасау барысында "жоғарғы билік құдайдың билігімен дариды" деген көзқарасқа қарсы шығып, табиғи құқықтар ілімін ұсынды. Отар аймақтар мен метрополия тұрғындарының теңдігін, халықтық төңкеріс жасау құқын жақтады. Монархиялық билікті табиғи құқық және қоғамды келісім тұрғысынан сынап, халық билігін негіздеді. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет белгілеген заңдардан жоғары қойды. Үкімет тарапынан жеке адам құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ұсақ өндірушілердің мүддесін қорғап, фермерлердің демократиялық республикасын құруды аңсады. Джефферсон басқа саяси қайраткерлермен бірге АҚШ Конституциясын жазуға қатысып, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты 10 толықтыру ("Билль о правах") енгізді. Президент міндетін атқару барысында Джефферсон әртүрлі әлеуметтік топтар арасында келісім саясатын орнықтырып, реакциялық сипаттағы заңдардың күшін жойды; армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты едәуір қысқартып, Луизиана штатын АҚШ-қа қосты.
То́мас Дже́фферсон — деятель Войны за независимость США, один из авторов Декларации независимости, 3-й президент США в 1801—1809 годах, один из отцов-основателей этого государства, выдающийся политический деятель, дипломат и философ эпохи Просвещения.