Тілімізде бір түбірден әртүрлі жұрнақ жалғану ар ы тараған сөздер де бар. Мысалы, өн, өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен
сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде
жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы, 3) септік жалғауы;
4) жіктік жалғауы.
Көптік жалғаулары: ларілер, -дар/дер, тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік
мағына береді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.
Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендеп кесте арқылы көрсетуге
болады.
ЖАЛҒАУЛАР
-лар, -лер
-дар, дер
СӨЗДЕР
Дауысты дыбыстарға;
үнді р. й, у дыбыстарына аяқталса
Ұяң дыбыстарға;
үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса
Қатаң дыбыстарға;
Орыс тілінен енген б, в, Г. Д
дыбыстарына аяқталса
-тар. -тер​

макс3113 макс3113    3   18.01.2021 15:23    2

Другие вопросы по теме История