Шығармашылықпен айналыс 1. Қазақстандық жауынгерлер қай аймақтарда шайқасқанын анықта. Дивизия атаулары:
312-атқыштар дивизиясы 314-атқыштар дивизиясы 316-атқыштар дивизиясы 73-атқыштар дивизиясы 38-атқыштар дивизиясы
Қай шайқастарға қатысты?
Құрылған жері​

oxanabondarenkozv5l4 oxanabondarenkozv5l4    1   20.01.2021 15:58    225

Ответы
MSТигруля MSТигруля  20.01.2021 16:00

Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандығы 1941 ж. шілде — тамыз айларында Ақтөбе қаласында жасақталып (командирі А.Ф. Наумов), майданға жөнелтілді. Дивизия құрамы Ақтөбе, Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстары азаматтарынан құралғанымен, көпшілігі ақтөбеліктер (6654 адам) болды. Дивизия қазан — қараша айларында Солтүстік-Батыс майданның 52-дербес армиясының құрамында Калуга облысы Малоярославец бағытында кескілескен ұрыстарға қатысып, неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған шабуылына тойтарыс берді. Дивизия бөлімдері көп шығынға ұшырап, 11 қазанда Мәскеу әскери округінің құрамына кірді. Кейіннен Батыс майданына қарасты 43-армияның құрамында болды. Батыс майданы қолбасшысының 23 қазандағы бұйрығы бойынша 312, 17, 58-атқыштар дивизиялары біріктіріліп, ол Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы деп аталды. Мәскеу түбіндегі ауыр ұрыстардан кейін бұл дивизия да басқа құрамалармен біріктіріліп, 1941 ж. 27 желтоқсаннан 53-дивизия деп аталды. Бұл дивизияның 12-атқыштар полкі қазақстандықтар болды. Ол Харьков түбіндегі шайқасқа, Днепрден өтуге, Украина, Румыния мен Венгрия жерлеріндегі шайқастарға қатысып, соғысты Австрия астанасы Венада аяқтады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История