Салыстыру кестесі. 1. Майя 2. Ацтектер 3. Инктер

Лола666484 Лола666484    2   19.02.2021 12:33    209

Ответы
Никольнейв Никольнейв  21.03.2021 12:34

1. Майя |

Қоғамдық құрылысы: Майя халқы Орталық Америкадағы қалың джунгли орманы басқан Юкатан түбегін мекендеді. Жер қауымға қарады. Қауым әр отбасына орманнан тазартылған жер үлесін бөліп беріп отырды.

Шаруашылығы: Егіншілік

Мәдени жетістіктері: Сәулет өнері

2. Ацтектер |

Қоғамдық құрылысы: Ацтектер Мексикадағы теңіз деңгейінен 2000 м биіктіктегі қыратта, тау шыңдарының етегінде, ауа райы жұмсақ және топырағы құнарлы, табиғаты сұлу алқапта орналасты. ХІV ғасырда солтүстіктен келген ацтектер үлкен көлдің ортасындағы аралдарға Теночтитлан қаласын салды.

Шаруашылығы: Егіншілік және қолөнершілік

Мәдени жетістіктері: Қолөнер

3. Инктер |

Қоғамдық құрылысы:Оңтүстік Американың батысында инктер елі - Перу орналасқан. Каналдар қазып, егін екті, аспалы көпірлер салды.

Шаруашылығы: Егіншілік және қолөнершілік.

Мәдени жетістіктері: Қоладан балта, орақ, пышақ, түйреуіш, ине, қоңыраушалар, найзаның ұшы сияқты заттарды құйып, алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История