Сақтар қоғамындағы әлеуметіік топтарды атаңдар және олар немен айналысқан?​

maksatkuliyev4 maksatkuliyev4    1   23.01.2021 13:55    0

Ответы
dvinogradova20 dvinogradova20  22.02.2021 13:57

Сақ-скиф үштігі: ат әбзелдері, қару-жарақ және "аң стилі"

Біздің заманызға дейін I мыңжылдықта Еуразия далаларында ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасып, олардың жекелеген орталықтары ерекшеленді. Олар: Қара теңіз жағалаулары, Солтүстік Кавказ, Арал маңы (Түгіскен; Үйғарақ), Орталық Қазақстан (Тасмола), Жетісу, Шығыс Қазақстан, Минусинск шұңқыры, Тува, Монғолия жәнеОрдос. Аталған аумақтарда материалдық және рухани мәдениеті ұқсас бірлестіктер қалыптасты.

Олардың ортақ белгілері ат әбзелдерінде, қару-жарақта және "аң стилінде" болмған. XX ғасырдың басында зерттеушілер мұны скиф үштігі (ұштағаны) деп атады.

Еуразия далаларындағы скиф-сақ-сібір әлемі мынадай факторларымен ерекшеленді:

1. аталған облыстардың, аумақтардың жақындасуымен;

2. әлеуметтік-экономикалық негізгі нышандарымен;

3. даладағы тұрақты сауда, мәдени және саяси байланыстарымен;

4. ортақ мәдени дүниетанымдарымен;

5. Ежелгі Грекия, Ахманид парсылары Қытай әлеміне қарсы далалық аумаққа айналуымен.

Ат жүгені

Далалық өркениеттің экономикалық негізі — дала мен тау аңғарларындағы әр түрлі формадағы мал шаруашылығы болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жылқы шаруашылығы дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жылқы көшпелілердің өмірінде үлкен рөл атқарды.Тіпті энеолит дәуірінен бастап-ақ мініс аттарын өсіру дәстүрі дамыған. Сақ-скифтердің жерлеу дәстүрінің бір сипатты белгісі — молаға ат әбзелдерін бірге көму. Ат жүгендерінің қалдықтары — ауыздық, жүгеннің әр түрлі айылбастары — ерте темір дәуірініңкөптеген молаларынан табылған.

Ат жүгені елеулі өзгерістерге ұшырады. Ерте кезеңде қола ауыздықтың төрт түрі кең тараған: қосымша тесігі бар және тесігі жоқ, ұштары тік бұрышты және шығыршықты, үзеңгі тәріздес. Біздің заманызға дейін V ғасырда жүгендердің құрылысы да өзгерді. Ауыздықтың бір шығыршықты түрі пайда болды. Бірақ олардың Еуразия аумағында кең таралуы біздің заманызға дейін V—III ғасырларға тура келеді. Шығыршықты ауыздықтар көбіне темірден жасалды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История