Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады.