Революция [1](лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеуметтік Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеуметтік Революция қоғамның саяси, экономикалық, рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді. Революция өзінің даму мүмкіндіктерін сарқыған қоғамның прогрессивті сатыға өтуін қамтамасыз етіп, оның әлеуметтік экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертуге қызмет етеді. Адамзат тарихын қоғамдық экономикалық формациялардың бірін-бірі алмастыру тұрғысынан зерттеушілер осы алмасу үрдісін жүзеге асыру әлеуметтік Революцияның басты міндеті деп санайды.