ПТМС талдау неликтен тарихшы Ермухан Бекмаханов 25 жыл бас бостандыгынан айрылды​

ksenia5051 ksenia5051    1   04.02.2021 18:26    3

Ответы
АлексейЦифры АлексейЦифры  04.02.2021 18:30

Объяснение:

1947 жылы “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” деген атпен жарық көреді. Алайда Бекмаханов Кенесары Қасымұлының көтерілісіне феодалдық-монархиялық қозғалыс емес, ұлт-азаттық көтеріліс деп баға бергені үшін саяси қуғын-сүргінге душар болады. Жазғандарынан бас тартпаған Бекмаханов алдымен партиядан шығарылды. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі жұмысынан босатылды, тіпті ғылыми атақ дәрежелері жарамсыз етілді. Енді оған ешбір жерде жұмыс берілмейтін болды. Көп ізденістер мен өтініштердің нәтижесінде Алматы тысында бір ауылда мұгалімдік қызмет қана тапты. Сөйтіп кешегі ҚазГудың белгілі профессоры бастауыш мектептерге тарих пәнінен сабақ бере бастаған еді.

Бірақ көп ұзамай, атап айтқанда 1952 жылы 5 қыркүйек күні Бекмаханов тұтқындалып, 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды. Сталин өлгеннен кейін 1954 жылы толық ақталды да, ҚазГудағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі ретіндегі бұрынғы қызметіне қайта тағайындалып, 1966 жылы 6 мамыр күні дүние салғанға дейін сонда көптеген болашақ тарихшыларды тәрбиеледі. Оқулықтар жазды. Бейіті Алматыда Райымбек көшесінде белгілі жазушы Мұхтар Әуезов және белгілі киногер Шәкен Аймановпен бір зиратта.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История