Отырарды қорғаушылардың бірі ретінде болған оқиға жайында естелік-әңгіме құрастыр

SherriBlendi SherriBlendi    2   19.01.2021 10:18    0

Ответы
oliand oliand  19.01.2021 10:20

Сонау Мұңал (Монғолия) даласынан Хорезм патшалығына (сартауыл)  жорыққа аттанған Шыңғыс қағанға Отырар қаласына дейінгі жолда орналасқан ержүрек қазақ тайпаларының бірде-бірі қарсылық білдірмеді. Қуана қарсы алып, өз еріктерімен Шыңғыс ханға келіп қосылды. Хорезм патшалығын бірге бағындырды. Осы жорық кезінде Қазақтың он екі руынын шыққан, он екі өкіл Шыңғыс ханды ақ киізге салып көтеріп, қазіргі Шыңғыс таудың басына алып шығып, Шыңғыс ханды «ҚАҒАН» деп жариялап, таудың  атын «ШЫҢҒЫС ТАУЫ» деп өзертті, ал оның ең биік шыңын  «МҰҢАЛ ШЫҢЫ» деп атады. Мұны ешбір тарихшы жоққа шығара алмайды. Бұл қазақ шежіресінде айқын көрсетілген.  Шәкәрім қажы шежіресі де осы деректерді береді.

Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы «ҚОЛБАСШЫСЫ» деп, бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) толықтай мойындалған Қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс ханды барынша «жағымсыз» кейіпкер етіп көрсетуге тырысқан Орыс патшалығы мен кешегі большевиктік Совет өкіметінің  жалған саясаты болды. Олардың Қазақ еліне, Қазақ даласына байланысты Шыңғыс қағанға қоятын басты кінәсі - Отырар қаласы. Сондықтан, Отырар жайлы өз зерттеулерімнің қорытындысын Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.

Ол заманда Шыңғысханның арғы аталары құрған Қарахандар қағанатын парсылық бағыт ұстанған Хорезмшах (Сартауылдар) жаулап алды.  Бүгінгі "қазақтың қаласын қиратты" деп Шыңғысхан атамызға басты кінә қылып тағатын Отырар қаласы, осы жаулаушы елге қараған болатын.

 

Ол жайлы тарихшы С.Ақынжанов «Қазақстанның орта ғасырлық тарихындағы қыпшақтар» кiтабында шежiрешi Жужаниден мынандай мысал келтiредi: «615 (1216) жылы... Хорезм шахы Мұхаммед Иемектен шыққан Иакафтанның ұлы түркiстандық Қадырханның елiн ойрандауға аттанды». Иә, иә, Хорезм шахы басқа емес, дәл Қадырхан-Иналшық Қайырханның (Шыңғысханның арғы атасы Қараханның) елін ойрандауға аттанып отыр. Бiрақ, Қайырхан өзiне күні кеше ғана теперiш көрсетіп, жерін жаулап алған Хорезм шахына адалдығын көрсету мақсатында және дүниеге қызығып, Шыңғысханның елшілерін өлтіріп, керуенін тонап, қазаққа сатқындық жасады. Шыңғысхан Хорезм патшасынан Қайыр ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Атамыз бар-жоғы жүз елу мыңға жуық сарбаздарымен Хорезмшахқа қарсы жазықсыз өлген елші-саудагерлерінің (бес жүз адам) кегін алуға аттанды. Ол кезде Хорезм патшасының төрт жүз мың тұрақты әскері бола тұра (және ол осынша әскерді бір айда жинап ала алатын еді) 

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История