1)Найман мемлекеті Найман ұлысы, Найман хандығы, 11 – 13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген. Негізгі аумағы Ертістен Орхонға дейінгі Алтай мен Хинган таулы өлкесін қамтыды. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің [2] көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды.
2) Жалайырлар тайпасы қазақтардың Ұлы жүзінің құрамындағы тайпа. Ғалымдардың арасында жалайырлар — түркіленген моңғолдар деген сенім бар. Рашид-ад-дин бойынша жалайырлар ерте заманда жетпіс мың қоныс болып Моңғолиядағы Кэлеурен өзенінің жағасында өмір сүрген. Жалайырлардың моңғолдардан тарағаны жөніндегі ғалымдардың жорамалдары тарихи фактілерге негізделеді, атап айтқанда жалайырлар тайпасының бір бөлігі артықшылық жағдаймен Шағатай ұлысының құрамына кірген, ал жалайырлардың өзге бір бөлігі орталықтары Ходжент және Шыршық болып табылатын Сырдария бассейнінің аумағына қоныстанады.