Қала тұрғындарын Ұлы Жібек жолы бойында негізінен соғдылар, түркілер, сириялықтар, таңғұттар құрады. Сонда да, «халықтың ұдайы араласуы көшпенділердің отырықшыларға айналуы мен ассимиляциясы, сонымен қатар егіншілердің малшыларға ауысуы процесі тұрғындардың барлық осы бөліктерінің әлде бір қауымдастыққа біртіндеп бірігуіне алып келді. Бұл қоғамдастық егіншіліктің және мал өсірудің, диқан мен малшының ортақ белгілеріне ие болды. Егер қаланың өзінде Отырар, Қаратау, Жетіасар мәдениеті басым болса, оның айналасында бұрынғы көшпелілер өмір сүрді. Олар өзінің мал өсіру кәсібін де тастамады және қала маңынан ажырамады. Отырықшы және көшпенді мәдениеттің көне түріктерде өркендеген күрделі кіндікдестігі мал өсіру мен егіншіліктің, мал өнімдерін дайындау мен жеміс өсірудің, қолөнер мен бақша өсірудің, құрылыс пен бағбандықтың бірге қатар өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Қазақтың ата тегінің көпқырлы әлемі мамандандырылған тіршіліктің әр алуан формаларына негіз салды. Аса дамыған көшпенді шаруашылық жемісті қызмет істеп отырған егіншілікпен үйлесе отырып, сауда және қолөнермен толығып, халықтың әртүрлі этникалық топтарының мейлінше араласуы өзара ықпал етуді және бірігу процестерін күшейтті. Олар озық дүниетанымдық бағыт-бағдарға ие болды. Этностың неғұрлым басым бөлігінің ықпалымен түріктерге айналды».