Кенесары Касымулынын басы туралы аныздар

pchpppr pchpppr    1   30.12.2021 13:59    2

Ответы
Лилиана2001256 Лилиана2001256  30.12.2021 14:00

Кенесары Касымулынын басы туралы аныздарҚазақстанда соңғы қазақ ханы - Кенесарының басы Санкт-Петербургте сақталған болуы керек деген пікір қалыптасқан. Ал тарихи деректер ханның басы 1847 жылы Омбыға жеткізілгенін айғақтайды.

Қазақстанда соңғы қазақ ханы - Кенесарының басы Санкт-Петербургте сақталған болуы керек деген пікір қалыптасқан. Ал тарихи деректер ханның басы 1847 жылы Омбыға жеткізілгенін айғақтайды.

Кенесары орыс отаршылдығына қарсы әскери қимылды сұлтан кезінде-ақ бастаған. 1838 жылдың көктемі Кенесары жасағының Ақмола бекінісін қоршауға алып, өртеп жіберуімен тарих жадында қалған. Бұл оның азат ету қозғалысының басы еді. Ақмола бекінісінің орнында бүгінде Астана, Қазақстанның елордасы орналасқан.

Қазақтың үш жүзінің өкілдері 1841 жылғы 7 қыркүйекте Кенесарыны хан сайлаған. Қазақ хандығы де-юре жолыменен қалпына келтірілген. Кенесары өзін «қазақ жерлерін түгендеушімін» – Абылай ханның уағындағы Қазақ хандығы аумағының тұтастығын қалпына келтірушімін деп жариялап, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауды мақсат етті.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ