Хетт патшалығы — б.з.б. 18 — 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 — 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда) негізінде құрылған. Хетт патшасы Куссар Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін Ассирияға бағынған кішіазиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. Ол Нес, Хеттусас қалаларын басып алып, Куссарды астанаға айналдырды. Ежелгі хетт әулетінің негізін салушы Лабарна (б.з.б. 17 ғ-дың бас кезі) Хетт патшалығының аумағын кеңейтті. Лабарнаның мұрагері Хаттусилис Қ-нің кезінде (б.з.б. 17 ғасырдың ортасы) Цальпа мен Кіші Азияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар облыстар басып алынды.