Хандық билік тиесілі хан ұрпағы саналатын төре сұлтан тұқымы

айфон66666 айфон66666    2   27.04.2020 20:57    1

Ответы
сашамо сашамо  27.04.2020 21:30

Объяснение:Қазақ хандығының қалыптасуы. Ортағасырлық дерек көздерінде Ханның кейбір кездері ғана шексіз билікке ие болғандығы айтылады. Кейде олар әулеттің басқа мүшесімен билігін бөлісіп отырды. Өз билігінің қандай дәрежеде болуы ең алдымен Ханның жеке басындағы қасиеттеріне тікелей байланысты еді. Дерек көздерінде билеушілер екі топқа бөлінеді: біріншілері — үлгілі, атақ-даңқымен еліне елеулі болғандар (Хайду, Мұхаммед Шайбани, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан); екіншілері — ел басқаруға қабілетсіз билеушілер (Темір Мәлік хан, Әзиз хан, Таһир хан, Болат хан). Соңғыларының билік құруы ұзаққа созылмаған. Оларды билікке жақын орта тақтан тайдырып, орнына басқа ханзаданы Хан көтеріп отырды. Елді басқаруда Хан өзі тағайындаған адамдардың көмегіне сүйенді. Мемлекеттегі белді қайраткерлермен санасып отырды. Көбіне Ханды белгілі бір ру не тайпа өкілдері қолдап, сүйеу көрсетті, оның мемлекеттегі негізгі тірегі болды.                        

Мысалы: Моғолстан мемлекетінің Хандары дулат тайпасының әмірлеріне сүйенді, Хан оларды ұлысбегі етіп тағайындады. Тіпті кімнің Хан болатындығын да солар алдын ала шешіп отырды. Ханға бектер, билер өз ақыл-кеңестерін беріп қана қоймай, жүргізетін саясатына өз ықпалдарын тигізді. Егер Ханның жүргізген саясаты белгілі бір руды не тайпаны қанағаттандырмаса, олардың басқа елдерге көшіп кетуі, қоныс аударуы көшпелі қоғамдағы негізгі наразылықтың бірі болды. Көбіне Хан жарлығы мүлтіксіз орындалды. Ол өзіне тиесілі аймақтардан, ұлыстан әскер жинатты, тәуелді елдерден алым-салық алып тұрды. Еңбегі сіңген адамдарға иелік жерлер бөліп берді, ру, тайпа араларындағы қақтығыстарды реттеді. Хан мемлекеттің саяси-экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарды. Алым-салық институттарын қадағалады, ақша реформасын жүргізді (Кебек хан). Салтанатты жиындарда тақта отырды. Егер Хан беделді тұлға болса, оның билігі шексіз болды. Ал ол шектен тыс шығып кетсе онда оған Жасақ заңы, тағы басқа дәстүрлі құқықтық ережелердің талаптары ескертіліп, билігі шектелді. Кейде Хан лауазымын бірнеше адам иемденді. Сондықтан да деректерде ұлы Хан, кіші Хан сынды лауазымдар кездесіп тұрады

Дәстүрлі көшпелі түркі-моңғол қоғамында Хан болып Шыңғыс хан ұрпақтары ғана сайланды. Билікке келген басқа әулет өкілдері өздерін Хан деп атай алмай, көбіне әмір (Ақсақ Темір), би, тағы басқа лауазымдарды иемденді. Қазақ хандығын басқарған билеушілердің барлығы Шыңғыс хан әулетінен тағайындалды. Әулеттің Хан сайланбағандары жеке әлеуметтік топ құрап, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында елеулі рөл атқарды. Мемлекетті басқаруда Хан шексіз билікке ұмтылғанымен, ру-тайпа билеушілерімен санасуға мәжбүр болды. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына сүйенген жергілікті билік иелері — билер мен батырлар Хан билігін белгілі бір дәрежеде шектеп, өздерінің әлеуметтік-саяси мәртебесін нығайтуға тырысты. Ханға тура сөйлеп, кемшіліктерін бетке айтқан ақын-жырауларды, билерді халық әрдайым дәріптеген (Би

, Жырау). Ақыл-парасатымен танылған Хандарды данагөйлер оның ізбасарларына үлгі тұтты. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті жүргізген хандық билік қазақ қоғамындағы маңызды саяси жүйелердің бірі болды. Ол ең алдымен билер институтына арқа сүйеді.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы елдік тұтастық осы билік жүйелерінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы ұстанымдарына негізделді. Қазақ жерін Ресей империясы отарлағаннан кейін, құқықтық-әкімшілік реформалар жүргізіп, саяси құрылымды өзгертті. 1822 — 1824 жылғы реформадан соң Ханның билік жүйесі күйреді. Дегенмен, хандық қазақ халқының негізгі билік жүйесі болғандықтан патшалық үкіметтің отаршылдық саясатына, кеңестік озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық күрестер туындағанда, көтерілісшілердің ең алдымен Хан сайлап, сардарбек тағайындап отыруы ХХ ғасырдың 1930-жылдарына дейін сақталды.

Хандық үкімет көшпелі өркениет елдеріндегі алғашқы мемлекеттік басқару жүйесінің түрі болып табылады. Үкіметтің бұл басқару  түрі алғаш ру-тайпа көсемдерінің іскерлігінен, ақыл-парасаттылығынан, ел басқара білу қабілетінен туған. Ондай көрнекті адамдарды  халық сайлаған. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын мансапқорлық мақсатпен құрмаған.  Шындығында, Әбілқайыр хандығының  ішіндегі әділетсіздікке қарсы күрестен пайда болған өкімет.  

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
danisov2003 danisov2003  27.04.2020 21:30

Төре сұлтан тұқымы ерекше орын алған. Оның тұсында биліктің тең жартысы болғандықтан тарихта ол естімді орын алады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История