Физика және табиғатты зерттеу әдістері 1. Төмендегі кестеге мына сөздердің сәйкесін жазыңдар: найзағайдың жарқылы, қарындаш, үстел, ағаш, болат, су, су тасқыны, мысық, жаңбыр, кемпірқосақ, күн, балшық, мыс, сызғыш, күннің батуы, кітап, боран, фломастер, балықтың жүзуі және желім.
Зат Дене Құбылыс
2. Кестеге берілген құбылыстарды жіктеп топтастырыңдар: құстардың сайрауы, жапырақтың сыбдыры, шегірткенің секіруі, мұздың еруі, ағаштың жануы, үтіктің қызуы, судың қайнауы, пойыздың жүйткуі, микроскоппен шаң-тозаңды қарау, мұздатқышта судың қатуы, су бетінен күннің шағылуы, ұшақтың әуежайға қонуы, автомобильдің кенет тоқтауы, компас тілі солтүстікке көрсетіп тұруы, магнитке болат шегелердің тартылуы, т.с.с.
механикалық жылулық дыбыстық жарық электрлік магниттік
3. Сөйемдерді топтап, кестенің сәйкес ұяшықтарына толтырыңдар: 1)тоңазытқыш камерасында судың қатуы, 2)бидай сабағында масақтың пайда болуы, 3)садақтан оқтың атылуы, 4)шегенің таттануы, 5)түнгі аспанда метеорлар ағынының байқалуы, 6)жолда тұрған мәшиненің шаң басуы, 7)күміс тиынның қараюы, 8)қанттың суда еруі, 9)дала гүлдерінің шешек атуы, 10)алма ағашында алманың пісуі, 11)пешке ағашты жаққанда улы газдың пайда болуы, 12) ағзаға түскен вирустың ауру тудыруы, 13)электрленген ауада озон молекулаларының пайда болуы, 14)телескоппен кометаның қозғалысын бақылауы, 15)газдық тұмандықтың жұлдызға айналуы.
Физикалық Химиялық Биологиялық Астрономиялық
4. Келтірілген физикалық құбылыстарды басқа да құбылыстарға жатқызуға болатынын ескере отырып, кестені толтырыңдар: 1)электр шамының жарқырауы, 2)алаудың жануы, 3)шашты тарақпен тарау, 4)шаңсорғыштың іске қосылуы, 5)найзағай жарқылы, 6)электр қоңырауының шырылдауы, 7)жер атмосферасына метеориттің ұшып келуі, 8)электрқыздырғыштың жұмыс істеуі, 9)металл білеушені магнит арқылы көтеру, 10)сарқырама

Физика және табиғатты зерттеу әдістері
1. Төмендегі кестеге мына сөздердің сәйкесін жазыңдар: найзағайдың жарқылы, қарындаш, үстел, ағаш, болат, су, су тасқыны, мысық, жаңбыр, кемпірқосақ, күн, балшық, мыс, сызғыш, күннің батуы, кітап, боран, фломастер, балықтың жүзуі және желім.