Ежелгі Қытай тақырыбына конспект жазу ​

filltema filltema    1   14.01.2021 13:14    0

Ответы
Katya23232311 Katya23232311  14.01.2021 13:20

Б.з.б. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағысында тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген.

Б.з.б. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан әрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История