если не понимаете не отправляйте жалобы что не понимаете казахский
Қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеруінің екі себебін түсіндіріп жазамыз.
текст если надо вот
Реформация (латынның «қайта құру», «жаңарту» деген сөзінен шыққан) – христиан дінінің үшінші үлкен бағыты протестанттықты дүниеге әкелді. Протестанизм ( латынша protestatio6 protestor) – қарсылық, келіспеушілік деген мағынаны білдіреді. Реформациялық қозғалыс – XVI ғасырдағы Еуропаның қоғамдық өміріндегі ірі оқиға, бұл кезең Еуропа тарихында реформация дәуірі саналады. Реформацияның Германияда басталуының өзіндік себептері бар.
XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы күшейді. Католик шіркеуі индульгенция сату арқылы көп табыс тауып отырды. Католик шіркеуінің озбырлығына қары қоэғалыс реформация деген атпен енді. Қозғалысты дін саласының білімдары, университет профессоры Мартин Лютер (1483-1546) бастады. 1517 жылы Лютер шіркеу озбырлығы мен папа индульгенциясына қарсы көзқарасын білдіретін үндеуін – «95 тезисін» таратты. Лютер әділетсіздікке қарсы күш қолдануды жақтамады.
Мартин Лютердің бұл пікіріне дін уағызшысы Томас Мюнцер (1490-1525) қарсы көзқарас ұстанды. Ол монастырьларды, дворяндар мен князьдарды қамалдарымен қоса күл-талқан етуге шақырды. 1524 жылы шыққан көтерілісшілер анабаптистер, яғни «басқаша шоқынушылар» деп аталды. 1530 жылы шаруалар соғысы жеңілгеннен кейін «Аугсбургтік дін ұстану» деген құжат қабылданды.
Швейцариядағы реформациялық қозғалыстың ірі өкілі француз Жан Кальвин (1509-1564) саналды. Ол кальвинизм деген ілімнің негізін қалады.
Контрреформация – XVІ-XVIІ ғасырлардағы Батыс Еуропада католиктердің реформацияға қарсы діни саяси қозғалысы. Протестанттықтарға қарсы күресте католиктік күштерді біріктіру және папаның беделін өсіру мақсатында испандық дворян Игнати Лойоланың басшылығымен Иезуиттер ордені құрылды.

arsenfedorko arsenfedorko    2   30.04.2020 11:25    16

Другие вопросы по теме История