ответ:Егіншілік – 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды.

Объяснение: