Брест қорғанысы — Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері жау соққысына ерлікпен тойтарыс берген КСРО-ның шекаралық шебіндегі қаїармандық соғыс қимылы. 1941 жылы 22 маусым күні қамалда 7-атқыштар батальоны, атқыштар корпусының штабтық және шаруашылық бөлімшелері, застава, шекаралық отряд, НКВД әскері және медсанбат болған. Қорғандағы адамдар саны 7 — 8 мыңнан аспаған, бірақ жау қамалды атқылай бастағанда, олардың тең жартысына жуығы алдын ала белгіленген жерге кетіп, бекіністерде шамамен 3,5 мыңдай адам ғана қалған. Қамалға қарсы гитлершілер Варшава мен Парижді алуда ерекше көзге түскен 45-жаяу әскер дивизиясын жапты. Оларға ауыр артиллерия батареялары мен 1250 кг-дық фугастық және 2200 кг-дық бетон жарғыш снарядтар ататын “Тор” жүйесіндегі аса қуатты артиллерия қондырғылары қолдау көрсетті. Қамалға жау ұшақтары 1800 кг-дық жарықшақтық, жандырғыш және фугастық бомбалар тастады. Көп ұзамай қамал түгелдей қоршауда қалды. Алғашқы абыржушылықты пайдаланып, жаудың шабуылдаушы батальондары десанттық қайықтар мен көпір арқылы цитадельге өтті де, Тересполь қақпасын және шіркеу үйін басып алды. Қамал гарнизоны үлкен шығынға ұшырады. Қамалды қорғаушылар әрбір үй, әрбір қабат, әрбір бөлме үшін жан алып, жан берісті.