Бесык салу дастурынын кундылыгы​

olga7882 olga7882    3   25.12.2020 13:32    2

Ответы
Vedma1338 Vedma1338  24.01.2021 13:34

Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

Бесік түгел ағаштан жасалады. Оның құрылысы келіннің әнінде былай баяндалады.

Түбегіңді, шүмегіңді салайын.

Денең таза болсын деп

Бас жастықша салайын

Басың жұмсақ болсын деп

Екі бел жастаншы

Бел көрпеңді салайын.

Сымбатты, сұлу өссін деп

Тартпа бауды тартайын

Сымға тартқан сүйректей

Денең сұлу болсын деп

Жабуыңды жабайын

Жел, суық тимей қалсын деп.

Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Тыштырма үйлестіріп болған соң барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады. Сонан соң бесікті отпен аластайды

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История