Бірінші дүниежүзілік соғыстығы Ұлыбританияның негізгі мақсаты:​

КеламадинНазгуль КеламадинНазгуль    3   15.09.2020 05:30    0

Ответы
PolinaSukova2 PolinaSukova2  15.09.2020 06:01

Ұлыбритания алдыңғы қатарлы державалардың бірі ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің нәтижесінде өзінің көптеген саяси мақсаттарын жүзеге асырды. Германия Англиямен бақталас болудан қалды. Африкадағы неміс отарларының есебінен және Түркиядан тартып алған аумағы есебінен Британия отарлық империясы кеңейді. Версаль келісімі бойынша Германия төлеуге міндеттелген төлемнің көп бөлігі Англияға берілді. Алайда Ұлыбританияның қаржылық-экономикалық жағдайы соғыстың салдарынан біршама әлсіреген болатын. Ол ұлттық байлығының үштен бір бөлігін жоғалтты. Өндіріс салалары 20 %-ға қысқарды. Дегенмен 1914—1918 соғысқа қажетті тауарлар өндіру , автомобиль, ұшақтар жасау, химия өндірісін дамыту жолға қойылып, металл қорыту қарқыны айтарлықтай артты. Ал көмір өндіру, теңіз кемелерін жасау керісінше қысқартылды. Өндірісті ұлғайтудағы арасалмақтық қайшылықтар Англия экономикасына көп кедергі жасап, оның өнімдері қымбат болғандықтан, сатылым деңгейі төмендеді. Англия экспортына қарағанда, импорты 2 есе өскендіктен Ұлыбритания шетелдерден қарыз алуға мәжбүр болды. Егер соғысқа дейін АҚШ Ұлыбританияға қарыз болса, соғыстан кейін бұл державалар бір-бірімен орын алмастырды. 1919 жылы Англия АҚШ-қа 850 млн фунт стерлинг берешек болды. Дүниежүзілік қаржы орталығы Лондондағы Ситиден Нью-Йорктегі Уолл-стритке ауысты. АҚШ Англияны сыртқы саудадан қысқан сайын екеуінің арасындағы бәсеке күрес күшейе түсті. Англияға қарсылас болып Еуропада — Франция, Азияда Жапония саяси аренаға шықты.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История