«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі, Қазақстанның
қоғам қайраткері, құқық магистрі. Санкт-Петербург университетінің заң
факультетін алтын медальмен бітірген (1903). 1903-1905 жылдары Омбы
сот мекемелерінде қызмет еткен. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы
революция оның саяси белсенділігінің оянуына жағдай жасады. Бұл
жылдары ол митингілер мен жиналыстарда жиі сөз сөйлеп, Омбы,
Петропавловск, Семей, Павлодар, Баянауыл мен Қарқаралы қалаларында
болған демонстрацияларға қатысты. «Степной край» (Омбы) газетінде
самодержавиені, полицейлік жүгенсіздікті, шенеуніктердің парақорлығын
әшкерелеген, патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен қанауына қарсы
халықты белсенді күреске шақырған мақалаларын жариялады. 1908 жылы
Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы үгітті жалғастырғаны
үшін Тобылға жер аударылды. 1917 жылғы Ақпан революциясын Якутияда
қарсы алды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі ұрандар
көтергені үшін Уақытша үкімет оны тұтқындады. 1917 жылы Алашорда
үкіметінің мүшесі болып сайланды».
Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз: