Аттиланың Еуропадағы жорықтары туралы шығарма жаз.​


Аттиланың Еуропадағы жорықтары туралы шығарма жаз.​

vladiev vladiev    2   18.04.2021 10:09    0

Ответы
адинаа1 адинаа1  18.04.2021 10:10

Еділ мен Бледаның Еуропаға алғашқы жорығы қазіргі Сербия аумағында орналасқан византиялық Иллирик провинциясынан басталды[19]. Дәл сол кезеңде римдіктер бір жағынан вандалдармен Сицилияда, екінші жағынан парсылармен шайқасып жатқаны жорықтың сәттілігіне қосымша себеп болған.[20].

Оқиғаның куәгері Присктің мәліметі бойынша алғашқы әскери ұрыстары қазіргі Белград қаласы аумағында орналасқан сауда жәрменкесінде ғұндардың римдіктерге кенет шабуылынан басталған. Шабуылдың себебі Марг қаласының [21] епископы ғұндардың асыл қазынасын (яғни патшалардың мазарын) тонауы түрткі болған[22] Маргтан кейін Сингидунум (қазіргі Белград) және Виминаций (қазіргі Костолац) жақын орналасқан Дунайдағы ірі қалалар алынды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
VictoriaOrlova32455 VictoriaOrlova32455  18.04.2021 10:10

Аттила билік құрған жылдары Ғұн мемлекеті аумағын бірнеше есе үлкейтеді. Ірі мемлекет құра алғаны үшін Аттила шығыстың ұлы жауынгер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Батыс тарихшылары оның есімін Александр Македонский мен Юлий Цезарь есімдерімен қатар атайды. Еуропа әдебиетінде, тарихи деректерде Аттиланы «Құдайдың қаhары» деп атаған. Себебі ғұндарға Еуропадағы мемлекеттер мен тайпалардың ешқайсысы төтеп бере алмаған. Сондықтан олар Аттиланы құдайдың жіберген қаhары деп санаған.

Л. Гумилев: «Аттила әскерінің құрамында ғұндардан басқа бастарндар, скирлер, остготтар, франктар, бургундтер, тюрингтер болды...», – деп жазған.

«Аттиланың есімі әлемге әйгілі. Ол айлакерлікпен жеңіске жеткен. Жауының күшін бөлшектеуге тырысқан...», – деп жазылған П. Корнельдің дерегінде.

435 жылы ғұндар мен Шығыс Рим империясы арасында Маргус келісімшарты жасалды. Бұл келісімшарт бойынша: екі ел арасындағы қашқындарды түгелдей қайтарып беру; тең дәрежелі сауда-саттық жасау, яғни екі елдің саудагерлері шекарадан кедергісіз өте алады; Шығыс Рим ғұн ордасына жыл сайын 700 фунт алтын салық төлейді. Византиялықтар ғұндарға қарсы ешбір одаққа кірмеуге тиіс болды.

441 – 447 жылдары Аттила Шығыс Рим империясына бірнеше рет жорық жасады. Империя астанасы Константинопольге қауіп төнді. 447 жылы ғұндар мен Византия арасында бітім жасалды. Г. Вернадский: «Константинопольмен келіссөз бастаған Аттила бірінші кезекті соғыс емес, бейбітшілік орнатуға ұмтылды...», – деп жазған.

Византиялық тарихшы Марцеллин Комит өз жазбаларында 447 жылды сипаттап: «Бірінші соғысқа қарағанда ауырлау болған бұл сұмдық соғыста Аттила бүкіл Еуропаны тізе бүктірді», – деп сипаттайды.

448 жылы Римнен шыққан елшілікпен Прииск Аттила сарайына келеді. Ол өзiнiң «Византия тарихында» атты еңбегінде Аттила басқарған Ғұн мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты жазған.

451 жылы Галлиядағы Орлеан қаласының түбінде ғұндар мен римдіктердің арасында «Халықтар шайқасы» деген атаумен тарихта қалған Каталаун шайқасы өтті. Онда Аттила бастаған ғұн әскері Батыс Рим империясының, франктердің, вестготтардың, аландардың, бургундардың біріккен әскерімен шайқасады. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны көп болды».

452 жылы Аттила әскері Рим қақпасына жақындаған кезде Рим папасы І Лео ғұндардың алдынан шығып қаланы қиратпауды сұрайды. Аттила қалаға әскерін кіргізбей, тек контрибуция алады. Яғни Аттила әділдік танытып, өз әскерінің дүниежүзі мәдениетінің астанасын басып алып, тонауына жол берген жоқ. 453 жылы Аттила әскері Галлияға шабуыл жасады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История