Арабтар түркілердің әскери өнерін қалай бағалаған?

Диманник2006 Диманник2006    2   20.10.2021 00:05    12

Ответы
BOTAN1337228101 BOTAN1337228101  20.10.2021 01:00

Объяснение:

Көне түрктерде мемлекеттік істерді басқару механизмі - әскери-саяси құрылымды болды. Басқаша айтқанда, түрктердің қоғамдық құрылымы әскери-саяси негізде жасақталынған, соны қоғамда негізгі тұғыр еткен деген сөз. Жорықтар мен шабуылдарға еркек кіндіктінің барлығы қатысқан. Әйел заты соғысқа, жорыққа қаруланып қатысқан емес, тіпті қылыш, пышақ қолына алған емес. Бұл көне түрк қоғамының «патриархальдық» ерекше болмысы, табиғи заңдылығы еді. Сол себептен, белгілі бір отбасының бастапқы ұйытқысы еркек кіндікті болды, сөйтіп ол әулеттің, рудың, тайпаның, одақтың атасы, қасиетті шаңырағы аталды. Түрк қоғамында ер атаулы «тал бесіктен тас үйінді «бесігіне» дейін» жауынгерлік рухпен тәрбиеленді, елді, жерді, туған жұртын қорғауды ең негізгі мақсат тұтты, бір сөзбен, көне түрктер асқан батырлық пен ерлікті мадақ тұтып ат жалында, қару-жарағымен ұдайы жорықтармен өмір кешті, бүкіл қоғам қашанда әскери дайындақта, әскери өнірін күн сайын дамытып тіршілік етіп жатты. Өйткені, қара құрттай қаптаған қалың қытайлықтардың шабуылына тойтарыс беру, ата жауымен ұдайы соғысу үрдістері толастаған емес еді. Бұл саяси жағдай көне түрктердің әскери өнерінің дамуына қатты әсер етті. Сөйтіп, Евразияны дүр сілкіндірген жорық шабуылдарды іске асырғандар көне түрктер болды, олардың әскери-саяси берік мықты құрылымы аталмыш мақсатта ерекше қызмет атқарды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История