Қандай белгілер кесірткеге қатысты​

tupykomiks tupykomiks    2   23.10.2020 13:02    4

Ответы
sfsv4641de2r sfsv4641de2r  22.11.2020 13:03

Кесіртке (Saurіa) – қабыршақтылардың бір отряд тармағы.

Қазба қалдықтары триас кезеңінен сақталған, жыландардың арғы тегі болып саналады. Кесіртке Жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4000-нан астам түрі бар.

Қазақстанда 6 тұқымдасы (жармасқылар, ешкіемерлер, кеселдер, Ұршықсап, жабысқақ, нағыз кесірткелер), 13 туысы, 30 түрі кең таралған. Кәдімгі кесіртке тұқымдасының республикамызда 2 туысы бар:

кесіртке (Lacerta), оған тән белгі – құрсағындағы қабыршақтар ұзынынан қатарласа орналасқан. Танау тесігінің қалқаны жоғары көтерілмеген. Маңдай қалқанында ұзын, терең ойысы болмайды;

кесірт (Eremіas), олардың құрсақ қабыршағы қиғаш қатпарласып орналасқан. Танау тесігі жоғары көтеріңкі келеді, маңдай қалқанында ұзынша ойысы болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История