Аналық ру қай дәуірге жатады​

ученик1890 ученик1890    2   21.10.2020 11:46    18

Ответы
Меруерт999 Меруерт999  21.10.2020 12:01

аналық ру (лат. matrіs — ана және грек. arche — билік, үстемдік) — алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық құрылымның бірі. М. кейінгі палеолиттe (б.з.б. 40 — 10-мыңжылдық аралығы) қалыптаса бастаған. М-тың дамуы қазіргі адамдардың (homo sapіens — саналы адам) қалыптасу кезеңімен сәйкес келеді. М. рулық қауымдардың пайда болуына жағдай жасады. Ру қоғамдық ұйымның бір түрі ретінде қалыптасып, онда әйелдер үстемдік жүргізді. Қоғам өмірінде әйел үстемдігінің орнауы олардың дүниеге ұрпақ әкелудегі табиғи қызметіне, полигам. (көп некелік) қатынастарға және тұрмыс-тіршілік пен үй шаруасының ұйтқысы ретіндегі рөліне тікелей байланысты болды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История