Алтын орда мемлекеты кашан жане калай курылды

bogdankavolev9 bogdankavolev9    3   21.01.2021 13:53    2

Ответы
diniska3 diniska3  20.02.2021 13:57

Алтын орда мемлекеті

(ХІІІ ғ. ортасы - XV ғ. ортасы )

Объяснение:

1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.

1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.

Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История