3. Тапсырма «Қара індет»туралы эссе жазу

Котики2017 Котики2017    1   23.12.2020 13:04    3

Ответы
Atedoz Atedoz  22.01.2021 13:08

Оба індеті немесе Қара індет немесе Қара өлім (ағылш. The Black Death, лат. atra mors)— адамзат тарихыныӊ еӊ сұмдық пандемияларыныӊ бірі. Тарихшылардыӊ жобалап есептеуі бойынша 1346-53 жылдары Еуропада оба індеттіӊ кесірінен 75 тен 200 миллионға дейін адам қайтыс болған[1][2]. Қазіргі заманныӊ ғылымдары обадаӊ қайтыс болған адамдардыӊ ДНҚ–сын зерттеген кезде аурудыӊ қоздырғышы — Yersinia Pestis бактериясы болып табылды[3][4]

Ғалымдардыӊ болжамы бойынша, қара індет Орта Азияныӊ шөлейт жерлерінде басталып, Ұлы Жібек жолымен Қырымға 1343 жылы жеткен[5]. Қырымнан Еуропаға сауда кемелердіӊ «тұрақты тұрғыны» кеме егеуқұйрықтармен бірге, дәлірек айтсақ егеуқұйрықтыӊ үстіндегі шығыс бүргелерімен бірге Еуропаныӊ жағалауларында тараған.

Пандеминыӊ салдарынан Еуропаныӊ тарихына зор әсер еткен көптеген діни, әлеуметтік және экономикалық күйзелістер туған. Бұл оқиғадан оӊалу үшін Еуропа халықтарына 150 жылдай қажет болды.

Пандемия тағы бірнеше рет қайталанған: еӊ ірілері 1361 жылы («Екінші оба») және 1369 жылы («үшінші оба»).

Қара індеттіӊ кесірінен Жерорта теӊізініӊ жағалаулары мен Еуропада халықтарыныӊ 30-60% мерт болған[6], яғни 14 ғасырда дүниежүзіндегі адам саны осы пандемиядан кейін 450 миллионнан 350-375 миллионға дейін азайған. Еуропа халықтарыныӊ санасында, психологиясы мен мәдениетінде, экономикасында, тіпті халқыныӊ гендік құрамында өшірілмес із қалдырды.

Пандемия сол кезеӊніӊ медицинасыныӊ әлсіздігін көрсетті. Сонымен бірге діни институттарыныӊ шарасыздығыныӊ дәлелі болды. Осыныӊ салдарынан көптеген пұтқа табынушылық ғибадаттар мен діндарлықтар қалпына келтіріліп, надандық кең етек жаяды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История